Хабаровск әуежайында жерде екі ұшақ соқтығысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Қиыр шығысының көлік прокуратурасы Хабаровск әуежайында «Аэрофлот» ұшағының қатысуымен орын алған оқиғаға байланысты тексеріс жүргізіп жатыр, деп хабарлады ведомствода баспасөз қызметі.

Хабаровск әуежайында жерде екі ұшақ соқтығысты

"Хабаровск әуежайында жексенбі шамамен сағат 14:30-да (7:30 мск) "Аэрофлот" әуе компаниясының Boeing-777 ұшағы ұшу-қону жолағында қанатымен Ан-26 ұшағын жанап өтті. Жапа шеккендер жоқ", - деді ведомство өкілі.

Бақылау ведомствосының ақпаратынша, ұшақ Мәскеуге рейс жасамақ болған. Салдарынан рейс 2 сағаттан артық уақытқа кешікті. Жолаушылар өзге ұшақпен жөнелтілуі мүмкін.