Хабаровск өлкесінде аю аңшы мен оның итін талап өлтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Хабаровск өлкесінде тайгада аю аңшы мен оның итін талап тастады, деп хабарлады РИА Новости.
«Сейсенбі, 17 қарашада, Ванинский ауданы Тулучи кентінің екі тұрғыны итімен бірге аю аулауға шығады. Тайгада олар жеке бөлініп кетеді. Таңертеңгі сағат 10 шамасында олардың бірі аюды кезіктіріп, «Сайга» карабинінен оған оқ атпақ болады, алайда патрон қарысып қалып, ойын іске асыра алмай қалады. Ызалы аю 45 жастағы аңшыға қарсы ұмтылып, оны талап тастады, жыртқыш артынша итті де өлтіріп тастады», - делінген РФ ТК тергеу басқармасының хабарламасында.
Қайғылы жағдайға екінші аңшы куә болды. Ол аюды тегіс ұңғылы қарумен атып өлтірді. Тергеушілер тексеру жүргізіп, болған оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Аңшының аю атуға лицензиясы болғаны белгілі болды, тексеру нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады.