Хабаровск өлкесінде аю балықшыны талап өлтірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Хабаровск өлкесінде тайгада балық аулаған 55 жастағы балықшыны аю талап тастады.

Хабаровск өлкесінде аю балықшыны талап өлтірді

Солнечный ауданының Хурмули кентіне тұратын құрылыс ұйымының қызметкері тайгаға балық аулауға кеткен. Ал кешке оралмаған соң әріптестері алаңдап, оны іздей бастаған.

Бірнеше сағат іздегеннен соң тайгада жыртқыш қан-жоса еткен ер адамның денесі табылды. Кейінірек Табиғи ресурстар министрлігінде балықшының аю шабуылынан көз жұмғанын нақтылады, деп жазады informing.ru.