Хабаровскіде аю адамға шапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Хабаровскіде өнеркәсіптік база аумағында қоңыр аю тордан шығып кетті. ІІМ аймақтық басқармасынан хабарлағандай, салмағы 180 келілік жыртқыш оны күтіп жүрген қызметкерді жарақаттады.

Хабаровскіде аю адамға шапты

Оқиға орнына ОМОН қызметкерлері жедел жетті. Ызалы аю база аумағынан шығып кетпекке әрекеттенді. " Полиция қызметкерлері Табиғи ресурстар министрлігі аң аулау шаруашылығы комитетінің Хабаровск өлкесі үкіметінің өкілдерімен бірлесіп қаруды пайдалану шешімін қабылдады", - деп хабарлады ІІМ басқармасынан.

Жапа шеккен әйел Хабаровск ауруханаларының біріне жеткізілді. Медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлердің айтуынша, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.