Хабаровскіде мас жолаушы А-340 ұшағының жедел қонуына себепкер болды

АСТАНА.  Қазанның  31-і. ҚазАқпарат - Немістің «Люфтганза»   әуе компаниясының   Мюнхеннен Токиоға  ұшып   бара жатқан   ұшағы    сенбіге қараған түні    Хабаровскіде    жоспардан тыс  қонуға  мәжбүр болды, 

Хабаровскіде  мас жолаушы А-340   ұшағының   жедел қонуына  себепкер  болды

Оқиғаға     ұшақ бортындағы мас жолаушының әрекеті себеп болды,  деп хабарлайды  «РИА  «Новости»  «Росаэронавигация»  қызметіне  сілтеме  жасап. 

Ақпарат агенттігінің  хабарлауынша, «Мюнхен-Токио     бағытында ұшып бара жатқан  және бортында 304 жолаушы  болған А-340  лайнері   жолаушының  бұзақылық әрекетінен    мәскеу уақыты  бойынша сағат 03.22-де Хабаровскіге  жоспардан тыс қонуға мәжбүр болған».   Дерек көздің     айтуынша,      бір  сағаттан  астам уақыттан кейін,   мәскеу уақыты  бойынша    04.40-та  ұшақ  әрі  қарай  Токиоға  ұшып   шықты». 

Дерек көз,   Жапония елордасына   барлық жолаушылардың,  оның ішінде   «аялдама»  жасауға  себеп болған жолаушының  да,     ұшып  шыққанын  атап көрсетті.