Хабаровскіде өтіп жатқан турнирде 7 қазақ боксшысы жартылай финалға өтті
АСТАНА. 17 мамыр. ҚазАқпарат - Хабаровск қаласында өтіп жатқан турнирде қазақстандық боксшылар 7 кездесуде жеңіске жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Құрама сапынан Қайрат Ералиев, Мерей Ақшалов, Нұрдәулет Жарманов, Әділбек Ниязымбетов пен Иван Дычколар жартылай финалға жолдама алды. Ілияс Сүлейменов корейлік боксшы Ри Чунг Лиге жеңіліп қалды.
Бүгін, 17 мамыр күні рингке Берік Абдрахманов пен Бақытжан Қожабеков шығып, қарсыластарын ұтты. Ал Біржан Жақыпов шаршы алаң иесі Батор Сагалуевтан айласын асыра алмады.