Хабаровскіде секіру барысында парашют ашылмай, әскери қызметші қаза тапты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Хабаровск өлкесінде парашюттік-десенттық дайындық барысында әскери қызметші ажал құшты, деп хабарлады Шығыс әскери округінің баспасөз қызметі.
«Шығыс әскери округі комиссиясы құқық қорғау органдарымен бірлесіп Хабаровск өлкесінде құрамалардың бірінде әскери қызметшінің қаза табуы фактісі бойынша тексеру жүргізуде. Алдын ала деректер бойынша, секіру барысында қызметшінің парашюті ашылмай қалған».
Парашютпен секіру дайындық барысындағы жоспарлы жаттығу аясында ұйымдастырылғаны атап өтіледі, деп хабарлайды РИА Новости.