Хабаровскіде жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні РФ Хабаровск өлкесінде L-410 жолаушылар ұшағы қону кезінде апатқа ұшырады, алты адам қаза тапты. Бұл жайлы ТАСС хабарлады.
Агенттік сұхбаттасының мәліметінше, ұшақ бортында жеті адам, соның ішінде бір бала болған. «Апат салдарынан алты адам қаза тапты, бала ауруханаға жеткізілді», - деп мәлімдеді агенттіктің дереккөзі.