Хабенский Троцкийді сомдау ұсынысын қарастырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Актер Константин Хабенский «Ұлы Октябрь» сериалында Лев Троцкийдің рөлін сомдау туралы ұсынысты қарастырады, деп хабарлады РИА Новости.

Хабенский Троцкийді сомдау ұсынысын қарастырады

«Мен әзірге мұндай ұсыныс алған жоқпын, бірақ та әуелі сценарийді қарап шығамын, сосын ғана шешім қабылдаймын», деп жауап қайтарды әртіс жоба туралы сұраққа.

Хабенскийді Троцкий рөліне шақыру туралы бұдан бұрын «Ресей коммунистері» партиясының өкілі Максим Сурайкин айтқан болатын. Оның айтуынша, партия Октябрь революциясының 100 жылдығына «Ұлы Октябрь» сериалын түсіруді жоспарлауда, оған актер Евгений Миронов та шақырылмақ - оған Керенскийдің рөлі ұсынылуы мүмкін.

Сурайкиннің мәлімдеуінше, «Ресей коммунистері» халықтың қайырымдылық жарналары көмегімен қаржыландыруды көздеп отырған сериалмен жұмыс әзірлік сатысында. Партия әуелі сценарийшілер тобын анықтайды және идеяны пысықтаумен айналысады.

1917 жылғы Октябрь революциясы барысында Ресейде билік Бүкілресейлік кеңестер съезінде қалыптастырылған Александр Керенский басқарған Уақытша үкіметке көшті. Революциядан кейін Керенский АҚШ-қа эмиграцияға кетті.

Троцкий революцияны ұйымдастырушылардың бірі және алғашқы кеңес үкіметінде сыртқы істер халық комиссары, одан кейін әскери және теңіз істер жөніндегі халық комиссары болды. 1927 жылы ол барлық лауазымдарынан босатылды, ал 1929 жылы - КСРО-дан қуылды. 1940 жылы Мексикада Троцкийді НКВД агенті Рамон Меркадер өлтірді.