Хаби Алонсо «Бавария» сапында алғашқы ойынын өткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испанияның аңыз ойыншысына айналған «корольдік» клубтың жартылай қорғаушысы Хаби Алонсо осы маусымды мюнхендік «Бавария» сапында өткізеді. Ол сенбі күні немістердің сапында алғашқы матчын өткізіп те үлгерді.
None
None

«Бавария» «Реалға» Алонсо үшін 8 миллион еуро төлеген екен.

Сондай-ақ, колумбиялық атақты сұрмерген Радамель Фалькао «Реалға» ауысуы мүмкін. Ойыншының жеке агенті оның «корольдік» клубқа ауысып болғанын айтып отыр. Ал «Реал» тарапынан әзірге нақты ақпарат жоқ. Қазір ойыншы Испанияда жүр. Фалькаоның «Реалға» толық ауысқаны әлде жалға берілгендігі жөнінде де нақты ақпараттар жоқ, деп жазады alaman.kz.

Жапония ұлттық құрамасының және ағылшындық «МЮ» командасының жартылай қорғаушысы Синдзи Кагава жақын күндері дордмундтық «Боруссия» командасына ауысуы мүмкін. Ойыншының командадан кетудегі басты себебі - негізгі құрамдағы орынын жоғалтып алуы. Англия ұлттық құрамасының футболшысы Дэнни Уэлбекте «МЮ» командасынан кетуге жақын. Бұл ойыншыныңда командадан кетуіндегі басты себеп - негізгі құрамдағы орынды иеленбеуі. Ал ойыншының өзіне бірден төрт ағылшындық команда қызығып отыр. Олар - «Тоттенхэм», «Халл», «Сандерленд» және «Ньюкасла». Уэлбекті алуға аталған командалардың алғашқысының мүмкіндігі көп.

Соңғы жаңалықтар