Хабибулин Бакудегі ITF турнирінің 1/4 финалына шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Тимур Хабибулин ресейлік Евгений Турневпен жұптасып Бакудегі (Әзербайжан) ITF турнирінің жұптық бөлімінде ширек финалға шықты. Жарыстың сыйлық қоры 10 мың доллар.

Бірінші айналымда Хабибулин/Турнев жұбы Расул Годжаев (Әзербайжан)/Роберт Жиганжин (Ресей) жұбын 6:1, 6:1 есебімен жеңді. Қазақстандық-ресейлік жұптың ширек финалдағы қарсыласы чехиялық Марек Ялович/Дэвид Поляк жұбы және Александр Прудников (Белоруссия)/Сардор Пулатов (Өзбекстан) дуэті арасында жеңіске жеткені болмақ, деп хабарлады sports.kz.

Соңғы жаңалықтар
telegram