Хакер банк тонады ? Ресей

МӘСКЕУ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат – Ресей Федерациясы Бас прокурорының орынбасары Виктор Гринь «Альфа-банк» клиенттерінің есепшоттарынан ақша ұрлағаны үшін айыпталған Воронеж облысының Борисоглебск қаласының тұрғыны Дмитрий Фоминге қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау түйіндемесін бекітті,

Хакер  банк  тонады ? Ресей
деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап.2007 жылдың мамыр айында Фомин үйдегі компьютерінің көмегімен және интернет арқылы «Альфа-Банк» ААҚ- клиенттерінің аты-жөндері мен парольдері туралы мәліметті заңсыз жолмен алады. Есепшот иелерінің атынан әрекет еткен Фомин, «Альфа-Капитал Индекс ММВБ" инвестициялық қорының жалпы құны 266 мың рубль сома тұратын инвестициялық пайларын сатып алады да, оларды өз атына рәсімдейді. Содан кейін Фомин «Альфа-Капиталға» аталған пайлардың құнын төлеу туралы өтініш жазады. Өз есепшотына аударылған 266 мың рубльді Фомин банкоматтар арқылы алады. Тергеу барысында Фоминге ҚР Қылмыстық кодекстің 272-ші бабы 1-тармағы бойынша («Компьютерлік мәліметтерге заңсыз қол жеткізу» факті), 159-шы баптың 2-тармағы бойынша («Алаяқтық» факті),174.1-ші баптың 1-тармағы бойынша («Қылмыс жасау нәтижесінде тапқан ақша қаражатын заңдастыру» факті) айыптаулар тағылып отыр.