Хакер Индонезияның мәліметтерді өңдеу орталығына жасаған шабуылынан соң 8 млн доллар талап етті
АСТАНА. KAZINFORM – Индонезияның мәліметтерді өңдеу орталығына кибершабуыл жасалып, салдарынан жүздеген мемлекетік органдардың жұмыс жүйесі бұзылып, ел астанасындағы әуежайда рейстер тежелді. Хакер 8 млн доллар талап етті, деп хабарлайды NDTV.

Өткен аптада ресейлік LockBit бопсалаушылар тобы дайындаған бағдарлама арқылы жасалған кибершабуылдан соң жүйелер істен шығып, Джакартадағы Сукарно-Хатта әуежайында ұзын-сонар кезек пайда болды, деп хабарлады Байланыс министрлігінің өкілі.
Шабуыл ұлттық және жергілікті деңгейдегі 210 мекеменің жұмысына әсер етті, деді дүйсенбі күні Семуэль Абриани Пангерапан. Сондай-ақ ол хакердің 8 млн доллар талап еткенін жеткізді.
Билік өкілдері үкімет мәліметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ететін, бопсалаушыларға қарсы Brain Cipher бағдарламаын тексеріп жатыр.
Үкімет «төлемейді» деді Байланыс министрі Буди Ари Сетиади The Jakarta Post басылымына.
LockBit өкілдері миллиардтаған долларға шығын келтіре және ондаған миллион долларды бопсалай отырып, үкімет, ірі компаниялар, мектептер мен ауруханаларды нысанаға алған.
Еуропол мәліметтері бойынша, LockBit тобынан ең көп зардап шеккен мелекеттер АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай мен Германия болып отыр.