Хакер тағы да ғаламторға жұлдыздардың жеке суреттерін жайып жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғаламторда тағы да жұлдыздардың жеке суреттері пайда болды, деп жазады Би-би-си.

Хакер тағы да ғаламторға жұлдыздардың жеке суреттерін жайып жіберді

Бұл жолғы құрбандардың ішінде Ким Кардашьян, әртіс Ванеса Хаджинс және АҚШ-тың әйелдер футболынан ұлттық құрамасының қақпашысы Хоуп Соло бар.

Бұл жолғы интернет шабуылды да тамыз айының басында бір топ жұлдыздың жеке суреттерін (жартылай жалаңаш) ғаламторға жайған хакер жасады деп болжалуда.

Ол жолы жапа шеккендердің ішінде әлемде ең сұранысқа ие әртістердің бірі - Дженнифер Лоуренс, Рианна, Ким Кардашьян, Мери Кейт Олсен, Ариана Гранде, Виктория Джастис, Кейт Аптон және тағы оншақты әлемдік жұлдыз болған.

Суреттер iCloud айфонына шабуыл жасау арқылы алынған.

ФТБ (FBI) осы іс бойынша зерттеу жүргізіп жатыр.