Хакерлар Тайванда банкоматтардан 2,2 млн доллар жымқырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Харкерлар шабуылынан кейін кемінде үш тайвандық банк банкоматтар арқылы ақша беруді тоқтатты. Reuters агенттігінің хабарлауынша, банкоматтардан 70 млн жаңа тайвандық доллар (шамамен $2,2 млн) қолды болған.
None
None

First Bank банкоматтарынан екі күдікті қомақты ақша шешіп алған, видеода олардың банк картасын салмағаны анық көрінген.
Қылмыскерлердің Wincor Nixdorf шығарған банкоматтарға қолжетімділігі болған. Қазір қаржы мекемесінде осындай үш жүзге жуық банкомат бар, оның 34-ін хакерлер бұзып алған. Сарапшылар белгісіз күдіктілер қауіпті бағдарлама көмегімен банкоматтың басқару тетігіне қол жеткізген деп санайды.

Wincor Nixdorf шығарған банкоматтар елде көп таралған, олар ірі супермаркеттер мен сауда орталықтарының 80 пайызына орнатылған.

 

Соңғы жаңалықтар