Хакерлер 41 млн доллардың биткоиндарын қолды етті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - АЗЕРТАДЖ - Хакерлер криптовалюталарды айырбастайтын ірі онлайн-сервистердің біріне шабуыл жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат АЗЕРТАДЖ агенттігіне сілтеме жасап.

Хакерлер 41 млн доллардың биткоиндарын қолды етті

Binance сервисінің сайтында жарияланған мәлімдемеге сәйкес, хакерлер «мәліметтерге ірі көлемде зиян келтіріп», 7 мың биткоинді ұрлаған. TechCrunch интернет-порталының жазуынша, бұл 41 млн долларға тең.

Компанияның ақпаратына сәйкес, кибершабуыл кезінде, сондай-ақ АРІ кілттері (тіркеу жазбасын идентификациялайтын құпия код), екі факторлы идентификация кодтары және жариялануға жатпайтын өзге де деректер ұрланған.

«Өкінішке қарай, сервисті бұзғанға дейін қаржыны шығарып үлгермедік», - делінген мәлімдемеде.

Хакерлер Binance-та орналасқан жалпы биткоиндардың 2 процентке жуығын қолды еткен. Онлайн-сервис қолданушыларға барлық шығынды өтеп беруге уәде етті. Компанияда тергеу аяқталғанша қаржыны толықтыру және шешіп алу процедуралары уақытша бұғатталды.