Хакерлер Дмитрий Медведевтің мыңдаған СМС-терін саудаға қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Анонимді интернационал» тобының хакерлері РФ премьер-министрі Дмитрий Медведевтің гаджетінен алынған ақпарат көшірмесін саудаға қойды, деп жазады Росбалт.

Хакерлер Дмитрий Медведевтің мыңдаған СМС-терін саудаға қойды

Лот орналастырылған Exchange of Information порталындағы ақпаратқа сәйкес, аукцион 2015 жылғы 9-23 ақпан аралығына дейін созылады.

Лоттың бастапқы құны 100 биткоин ( $22 мыңға жуық.), біржолғы сатып алу бағасы - 500 биткоин ($110 мыңға жуық).

Лот құрамына iCloud-дегі Медведевтің үш құрылғысының ақпараттары кіреді. Файлға премьердің бірнеше мың SMS-хабарламалары, фотосуреттері мен видеолары, шалынған қоңыраулары, телефон кітапшасының байланыстары, Skype ақпараты, сондай-ақ осы құрылғыда пайдаланылған қосымша деректері кірген.