13:34, 26 Қаңтар 2020 | GMT +5
Хакерлер елорда әкімдігінің Instagram-парақшасын бұзды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасына хакерлік шабуыл жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомство ақпаратына сілтеме жасап.
«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің @akimat_nur_sultan ресми аккаунтының бұзылуына байланысты жаңа парақша аштық. Ендігіде ресми ақпараттарды @akimat_nursultan-ға салып отырамыз. Жазылыңыздар! Қала туралы ақпараттардан хабардар болып отырыңыздар», - делінген мәліметте.
Айта кетейік, елорда әкімдігінің бұрынғы парақшасында 140 мыңнан астам жазылушы болған.