Хакерлер «Игра престолов» фильмінің жаңа сценарийлерін жариялап жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұған дейін НВО телеарнасының ішкі жүйесін бұзған хакерлер интернет желісіне «Игра престолов» сериалының жетінші маусымының қорытынды бөлімін түгел жариялады, деп хабарлайды РИА Новости.
None
None

«Айдаһар мен қасқыр» деп аталатын соңғы бөлімді қоса алғанда, маусымның барлық серияларының мазмұны желіге «Шестая волна утечек HBO» атауымен жүктелді.

Хакерлер сондай-ақ, барлық бөлімдердің мазмұнын Independent басылымына жолдаған. Шамамен 20 беттен тұратын құжат 2016 жылдың 26 сәуірінде жазылған және ішкі пайдалануға арналған. Сонымен қатар, қаскүнемдер желіге түсірілімге қатысқан адамдардың байланыс мәліметтерін жариялаған.

Бұған дейін НВО телеарнасының хакерлік шабуылға ұшырағандығы хабарланған болатын. 

Соңғы жаңалықтар