Хакерлер Нью-Йорк сайтының жұмысын бір минутке бұғаулап тастады
АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Кейбір елдердің үкіметтік мекемелері мен ірі компанияларына шабуыл жасаушы «Анонимус» хакерлік тобының қатысушыларына дүйсенбі күні Нью-Йорк қор биржасының интернет-сайтын бір минутке бұғаулап тастау мүмкіндігі туды.
ИТАР-ТАСС хабарлауынша, бірнеше күн бұрын топ «Оккупируй Уолл-стрит» ұранымен төртінші апта өтіп жатқан АҚШ-тағы корпоративке қарсы қозғалысты қолдау ауқымында дүйсенбі күні DDoS-шабуыл жасайтындықтары туралы бейнеүндеу жолдаған болатын.
Нью-Йорк биржасының сайтына жергілікті уақыт бойынша 15:35-тен 15:37-ге дейін кіру мүмкін болмады. Содан кейін сайт қалыпты кестеде жұмыс істеп кетті. Сарапшылардың айтуынша, бұл шабуыл компьютерлік серверлерді уақытша істен шығарғанымен, сайтты бүлдірген жоқ. Құпия мәліметтер таралып, сауда жүйесі бұзылған емес көрінеді.