Хакерлер Ұлыбритания қорғаныс министрлігінің базасын бұзды

киберқауіпсіздік
Фото: Pexels

ЛОНДОН. KAZINFORM - Хакерлер британ Қорғаныс министрлігі әскери қызметкерлерінің жеке мәліметтері сақталған базаны бұзды. BBC таратқан бейресми ақпаратқа сенсек, Үкімет сейсенбіде осы оқиға жайында Парламент депутаттарына хабарлайды.

ВВС-де хакерліктің артында кім тұрғаны туралы ақпарат жоқ. Sky News хабарлауынша, үкімет белгілі бір елді атамаса да, бұл хакерлер Қытай билігімен байланысты.

ВВС мәліметінше, хакерлер әскери қызметкерлердің жалақысы мен банк шотының нөмірі сақталатын жүйеге қол жеткізген. 

Арасында кейбірінің үйінің мекенжайын біліп алғаны да анық.  

Министрліктің сыртқы мердігері айналысатын бұзылған жүйеде Ұлыбританияның қазіргі және бұрынғы армия, флот және әуе күштері қызметкерлерінің салық қызметіне жіберілген құжат түріндегі жеке ақпараты болған. 

Сыртқы мердігердің компьютерлерін бұзғандықтан хакерлер Қорғаныс министрлігінің жедел ақпаратын ала алмаған. 

Министрлік бұл бассыздықты анықтағаннан кейін дереу шара қабылдап, жүйені сыртқы қолжетімділіктен ажыратқан. 

Соңғы жаңалықтар