Хал үстіндегі әжесіне көмек сұраған 4 жасар қыз үскірік аязда 8 км жолды жүріп өткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Тува аймағында 4 жасар қыз өзінің хал үстінде жатқан әжесіне көмек сұрау үшін үскірік аязда 4 сағат бойы үздіксіз жүріп, 8 км жолды басып өткен. Бұл туралы өңірлік төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасай отырып FlashSiberia хабарлады.
None
None

Онда жарияланған ақпараттар бойынша, өзінің әжесімен және зағип атасымен бірге тұрып жатқан Салгана Салчак әжесінің қимылсыз қалғанын байқаған. Бұл туралы ол атасына айтқан. Алайда ешқандай көмек көрсете алмайтынын білген қарт қызды көршілерден көмек сұрауға жібереді, деп жазды лента ру.

Салгана болса, үскірік аязда шопандардың тұрағына жетіп, тұрғындарды көмекке шақырады. Алайда көршілері мен дәрігерлер көмекке келгенше оның әжесі қайтыс болып кеткен.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қарт әйелдің өліміне инфаркт себеп болған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі қызды наградаға ұсынғылары келетінін айтқан. Қазіргі таңда ол ауруханада жатыр.


Соңғы жаңалықтар