«Халалдың» қадірін қашырып алған жоқпыз ба?» - республикалық басылымдарға шолу

None
None
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 7 желтоқсан, сейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

***

Кеше Қазақстан Тәу­ел­сіз­дігінің 20 жыл­ды­ғы­на ар­на­лып Астана­да­ғы Тәу­елсіздік са­рай­ын­да өткен ин­но­ва­ция­лық фо­рум аясында Президенттік инновациялар клу­бы­ның тұңғыш отырысы өтті. Онда инновация саласын ілгерілетудегі ең өзекті деген мәселелер ортаға салынды. Осы жиын барысында сөз алған Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов «Әлемнің үлкен елдері, батыстың дамыған мемлекеттері, Қытай мен Ресей, Жапония осы істе барған сайын алға басып, өздерінің инновациялық өнім­де­рін кеңінен таратуға көшті. Біз де оның тек тұтынушысы болып қал­ғымыз келмейді. Сондықтан Ел­ба­сының тапсырмасы бойынша инновациялық даму мәселесіне үлкен көңіл бөлу үстіндеміз. Оның алғашқы нәтижелерін жаңа мен көрме жұмысымен танысқан кезінде байқадым. Бұлар - біздің алғашқы табыстарымыз. Біз әлі жолдың басында ғанамыз», - деп атап көрсетті. Жиында көтерілген өзге де мәселелер жөнінде «Егемен Қазақстан» басылымының бүгінгі санындағы «Жаңашылдық жоғары жетістіктерге жеткізеді» атты мақаладан білесіздер.

Кеше прокуратура органдары құрылуының 20 жылды­ғына арналған салтанатты жиналыс болып, оған Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми, Президент Әкімшілігінің өкілдері, орталық мемлекеттік органдар жетекшілері, прокуратура орган­дарының ардагерлері және шетелдік қонақтар қатысты. Осы жиында көтерілген мәселелер «Егемен Қазақстанның» бүгінгі санында «Жиырма жылдағы жемісті еңбек аталды» атты тақырыппен жарияланды.

***

«Айқын» басылымының бүгінгі санында «Діни медреселер тексерілді» атты мақала жарияланды. Басылымның жазуынша, Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі мен Білім және ғылым министрлігі еліміздегі ислами оқу орындарын тексеріп шықты. Тексеру барысында ислами оқу орындарының еліміздің заңнамасында белгіленген нормалар мен біліктілік талаптарына сәйкестігі, оқу материалдарының құрамы мен сапасы, кітапхана қорларының сапалық және сандық құрамы, оқу үдерісінің бағыттылығын талдау назарға алынды. Осы тексерудің нәтижелерін «Айқын» басылымының бүгінгі санынан оқыңыздар.

Сондай-ақ аталмыш басылымның хабарлауынша, елімізде экстрокорпоральды ұрықтандыру медицинасы қарқынды дамып келеді. Бүгінде Қазақстанда бұл әдіс арқылы дүниеге келген балалар саны - 6 мыңға жетті. Таяуда халықаралық Ана күніне орай, «Эко» репродуктивті медицинаның орталығы мен қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығы Алматыда егіздер шеруін ұйымдастырып, медицинаның жаңа саласының жетістіктерімен таныстырған болатын. Дегенмен бұл салада шешілмей жатқан мәселелер де көп. Оның жағдайын «Айқын» басылымының бүгінгі санында жарияланған қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының өкілі Вячеслав Локшиннің «Квота әділ бөлінуі қажет» атты сұхбатынан білуге болады.

***

«Алаш айнасы» басылымының жазуынша, желтоқсанның 5-і күні Германияның Бонн қаласында Ауғанстан мәселесі талқыланды.

Онда елдегі осы уақытта қалыптасып отырған жағдайға байланысты баяндама жасаған Ауғанстан Президенті Хамит Карзай мемлекеттің бірте-бірте жетіліп келе жатқандығын, осы ретте ел басшылығы мемлекеттің инфрақұрылымына мол көңіл бөліп отырғандығын айтады. Ал елде төселген жолдар көлемі Ауғанстан тарихында болмаған деңгейге жеткен. Ақпарат және байланыстағы жетістіктер

де тәуір-ақ жолға қойылған. Десек те аядай ғана Ауғанстандағы берекесіздік әлемнің бас ауруына айналып отыр. Ал бұл мәселені қалай шешу керектігі жөніндегі жиынға қатысушы мемлекеттер өкілдерінің пікірлерін «Ауғанстанды жетекке алмаса болмайды» атты мақаладан білуге болады.

Сондай-ақ осы басылымның жазуынша, «бояушы бояушы дегенге сақалын бояйдының» керін келтіріп, соңғы кезде қоғамымызда халал азық-түліктен бөлек, «халал монша», «халал бильярд», «халал стоматология», «халал сауна», тіпті «халал білім» сияқты тіркестердің тұрмысымызға дендеп енуі, «халал» ұғымына қатысты түсінбеушілікті одан бетер күрделендіре түскендей. Қоғамда дінге бетбұрушылар мен адал өнім тұтынғысы келетін тұтынушылардың арта түсуін өнім өндірушілер мен халыққа қызмет көрсетуші орындар өз мүддесіне тиімді пайдаланып, коммерциялық мүдделерін тықпалауға тырысуда. Бұл мәселе жөнінде «Алаш айнасы» басылымының бүгінгі санындағы «Халалдың» қадірін қашырып алған жоқпыз ба?» атты мақалада.

***

Кеше Үкіметте елдегі жоғары және кәсіби білімнің сапасын арттыру мәселесі қаралды. Онда Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов алдағы 3-4 жылдың ішінде елдегі оқу орындарын оңтайландырып, сырттай білім алатын азаматтар санын кемітуді көздеп отырғандығын жеткізді. Министрлік жүргізген талдауларға қарағанда, елде жоғары білім алған азаматтар шектен тыс көбейіп кеткен. Бұл мәселе жөнінде «Казахстанская правда» басылымының бүгінгі санындағы «Вузы: лучше меньше, да лучше» атты мақаладан білуге болады.

Соңғы жаңалықтар