Халық газ құйып жүрген баллондардың көбі жарамсыз – Төтенше жағдайлар министрі

жарылыс
Фото: ҚР ТЖМ бапасөз қызметі

АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында халықтың қолында жүрген 350 мыңға жуық газ баллонын ауыстыру керектігін тағы айтты.

«Келесі мәселе, тұрмыстық газды дұрыс пайдаланбау салдарынан болуы мүмкін жарылыстар. Қазір халық газ баллондарды автомобильге жанар-жағармай құю станцияларынан толтырады. Ол заңға қайшы келеді. Ал, ол баллондардың басым бөлігі пайдаға жарамсыз. Біздің есебіміз бойынша 348 мың газ баллонын ауыстыру керек», - деді ол.

Министр әкімдіктер де бұл мәселеде қырағылық таныту керек дегенді айтты.

«Осы орайда, әкімдіктердің жанындағы тұрғын үй комиссиялары тұрмыстық және коммуналдық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдықтарын қауіпсіз пайдалану ережелерінің сақталуына бақылау жасауды күшейтуі қажет», - деді ведомство басшысы.

Бұған дейін ТЖМ өкілдері ескірген газ баллондарын жаңартуға «Жасыл даму» қорының қаражаты жұмсалуы мүмкін екенін айтқан еді

Соңғы жаңалықтар
telegram