11:45, 09 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Халықтың сүйіктісі: Димаш Құдайберген үздік мәдениет қайраткері атанды
АСТАНА. KAZINFORM – Елімізді әлемге танытып жүрген әнші Димаш Құдайберген тағы бір марапатқа ие болды.

– «Халықтың сүйіктісі-2024» 14-ші ұлттық сыйлығының қорытындысы шықты. Ең беделді қоғамдық марапат он номинация бойынша берілді. Қазақстан Республикасының халық артисі Димаш Құдайберген төртінші рет жылдың «Мәдениет қайраткері» болып танылды, - делінген хабарламада.

Лауреаттарды марапаттау рәсімі 2025 жылғы16 қаңтарда өтеді.
Айта кетсек, таяуда ғана Димаш Құдайберген Дубайда беделді сыйлықтың лауреаты атанған еді.
Еске сала кетейік, Италиялық «Pensiero» басылымы Димаш Құдайберген туралы мақала жариялады.