«Халық заңгері»: 100-ден аса елордалық тегін заңгерлік кеңес алды

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Есіл ауданы прокуратурасының бастамасымен құқықтық сауаттылықты арттыруға және азаматтардың білікті заң көмегіне қолжетімділігін кеңейтуге бағытталған «Халық заңгері» әлеуметтік акциясы өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Халық заңгері»: 100-ден аса елордалық тегін заңгерлік кеңес алды
Фото: Астана әкімдігі

Іс-шара «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру аясында өтті.

Акцияның басты мақсаты — елорда тұрғындарына тегін заңгерлік кеңес беру, өзекті құқықтық мәселелерді жедел шешуге көмектесу, сондай-ақ заңнаманы одан әрі талдау мен жетілдіруді талап ететін жүйелі проблемаларды анықтау.

Алаң жұмысына 20-ға жуық мемлекеттік орган, қоғамдық бірлестіктер мен бейінді ұйымдар қатысты.

«Халық заңгері»: 100-ден аса елордалық тегін заңгерлік кеңес алды
Фото: Астана әкімдігі

— Мамандар азаматтарға тұрғын үй құқығы, әлеуметтік қамсыздандыру, еңбек қатынастары, отбасы заңнамасы және басқа да бағыттар бойынша кеңес берді. Акция аясында 100-ден аса адам заңгерлік қолдау алды, — делінген хабарламада.

Акция елорданың барлық ауданында өз қызметін жалғастырып, елорданың әрбір тұрғыны үшін білікті заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз етеді.

Осыдан бұрын Астанадағы жол жөндеу жұмыстарына байланысты полиция жүргізушілерге үндеу жасады.

Соңғы жаңалықтар