Халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM – Әділ Құсманов «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның басқарма төрағасы болып тағайындалды. Ол бұған дейін «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары болған.

Халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы тағайындалды
Фото: senate.parlam.kz

Құсманов Әділ Миратұлы Оксфорд университетінің математика институтын тәмамамдаған алғашқы түлек. Назарбаев Университетінде өткен «Жыл студенті – 2016» атағының иегері. 

Сонымен қатар, Әділ Құсманов «NU Alumni» ҮЕҰ (Назарбаев Университеті Түлектер Қауымдастығы) құрылтайшыларының бірі және басқарма төрағасы. 

А. Құсманов ұлттық прогресс индексі әдістемесін және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін жыл сайынғы бағалау әдістемесін әзірлеушілердің бірі. Математика, экономика және стратегиялық жоспарлау саласында аналитикалық және ғылыми зерттеулер жүргізу тәжірибесі бар.

Сондай-ақ, Әділ Миратұлы салымшылардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану бойынша ҚР-ның зейнетақы жүйесін реформалаудың негізгі әзірлеушілерінің бірі. 

Кәсіби қызметінен бөлек «ҚАЗМЗУ» АҚ-да «Экономикадағы математика» пәнінен дәріс береді, сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Білім беру» бағыты бойынша өзгерістерді басқару бойынша салалық менеджерлерді даярлау жөніндегі «Ел Үміті» бағдарламасына қатысушысы. 

Бұған дейін Қазақстан «Болашақ» стипендиаттарына қанша қаражат жұмсап жатқаны туралы хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар