Халықаралық еңбек ұйымының өкілдері Қазақстанда келіссөз өткізеді

АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылғы 15-18 мамыр аралығында Халықаралық еңбек ұйымы Бас директорының көмекшісі – Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Беат Андрестің Астанаға жұмыс сапары өтеді.

ту
Фото: ҚР СІМ

Сапардың мақсаты – Ұйыммен ынтымақтастықты тереңдету мәселелері, оның ішінде Ұйым сарапшыларына техникалық көмек көрсету, сондай-ақ Қазақстанның әлеуметтік әділеттілік жөніндегі жаһандық коалицияға қосылуы мәселелерін талқылау.

«Өңірлік директордың сапары барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсеновамен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповамен, Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаровпен, сондай-ақ «Парыз» ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясы және Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы өкілдерімен кездеседі деп жоспарланған», - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен апталық баспасөз мәслихатында.