Халықаралық шаңғы спорты федерациясының жаңа президенті сайланды

АСТАНА. KAZINFORM — Сербияның Белград қаласында өткен Халықаралық шаңғы спорты және сноуборд федерациясының (FIS) 57-конгресінде ұйымның жаңа президенті сайланды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.

Александр Оспельт
Фото: ҰОК

Дауыс беру қорытындысы бойынша сайлауда Александр Оспельт (Лихтенштейн) жеңіске жетті.

Ол 65 дауыс жинаса, Йохан Элиаш 64 дауысқа ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін федерация президенті қызметін Йохан Элиаш атқарған. Ол FIS ұйымын 2021 жылдан бері басқарып келген.

Бұдан бұрын Алматыда мектеп бағдарламасына шаңғы сабақтары енгізілуі мүмкін екенін жазғанбыз.