Халықаралық валюта қоры жаһандық экономикаға қатысты болжамын жақсартты
АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық валюта қорының жаңа болжамына сәйкес, әлемдік экономика биыл 3,1 пайызға өседі, деп хабарлайды «Америка дауысы».
ХВҚ АҚШ экономикасындағы ілгерілемелі өсімнің жалғасуы және инфляцияның баяулауын болжап, жаһандық экономикаға қатысты биылғы болжамын жаңартты. Жаңа болжам бойынша, әлемдік экономика биыл 3,1%-ға өседі.
2024 жылға арналған болжам қазан айында жарияланған алдыңғы болжамға қарағанда (ол кезде 2,9%-ды құраған) жақсарды.
ХВҚ, сондай-ақ, жаһандық инфляция 2023 жылы 6,8%-дан 2024 жылы 5,8%-ға және 2025 жылы 4,4%-ға дейін төмендейді деп есептейді.
Қор болжамынша, әлемнің ең жақсы дамыған елдерінде инфляция биылғы жылы 2,6%-ға, ал болашақта 2%-ға дейін төмендейді, бұл АҚШ Федералдық қор жүйесінің мақсаттарына сәйкес келеді.