«Халқы үшін және халқымен бірге өмір» - «Назарбаев орталығындағы» фотокөрме

 АСТАНА, 1 желтоқсан. ҚазАқпарат  - Бүгін  Тұңғыш Президент күніне орайластырылып   «Назарбаев орталығы»  мемлекеттік мекемесінде  «Нұрсұлтан Назарбаев: халқы үшін және халқымен бірге өмір» фотокөрмесі өз жұмысын бастады.
None
None

Бұл туралы орталықтың баспасөз қызметі хабарлады.

Фотокөрме -  еліміздің мәдени өміріндегі бірегей оқиға, себебі көптеген түсірілімдер алғашқы рет көрсетіліп отыр. Бірнеше бөлімнен тұратын экспозициялар   Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы, оның жанұясы, мектептегі оқуы, жастық шақтағы жұмыс кездері, жас саясаткер ретіндегі қалыптасуы, сондай-ақ оның тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің басшысы лауазымындағы қызметі туралы әңгімелейді.

Тарихи суреттер мемлекеттіліктің маңызды белгілері - ұлттық валюта мен мемлекеттік нышандардың пайда болуы, Конституцияны қабылдау тәрізді ел өміріндегі тарихи сәттер туралы сыр шертеді.

Тағы бір бөлім геосаясаттан бастап республиканың  ішкі дамуына дейінгі мәселелердің ең кең ауқымын қамтитын,  әрі жас мемлекеттің мәселелерін шешу жолдары мен жетістіктерін көрнекі көрсететін фотосуреттерден тұрады.

Фотокөрме 31 желтоқсанға дейін жалғасады.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар