«Халқым деп өмір сүрген тұлға еді...»

АСТАНА.  27 шілде. ҚазАқпарат - «Кеше 63 жасында белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, халқымыздың қадірлі перзенттерінің бірі Сарыбай Сұлтанұлы Қалмырзаев дүниеден озды.
None
None

Еліміздің өсіп-өркендеуі жолында аянбай тер төккен  мемлекет және қоғам қайраткері, Тәуелсіздікке қол жеткен алғашқы сындарлы күндерден бастап  Елбасымыздың қасынан табылған сенімді серігі, аяулы әке, адал жар, ел азаматы - Сарыбай Сұлтанұлының пәниден бақиға озған қазасы баршамыздың қабырғамызға батады». ҚР  Парламент Сенатының төрағасы Қайрат Мәми өзінің интернеттегі жеке-парақшасында Сарыбай Қалмырзаевтың қазасына байланысты осылай жазып, көңіл білдірді.

«Мемлекеттік құрылымды қалыптастыру, ішкі және сыртқы саясаттағы іргемізді бекемдеу ісіне Сарыбай Сұлтанұлы өлшеусіз үлес қосты. Сарыбай Сұлтанұлы бауырмал, жанындағыларға сәулесін шашып жүретін азаматтық қасиеті мен кісілік келбеті ерекше тұлға еді. Сәкеңнің ең ерекше қасиеттерінің бірі ат жалын тартып мініп жоғары лауазымдарда жүргенде жанына тек қана адамгершілігі мол, іскер азаматтарды топтастыра білді. Кадр даярлау ісінде ешқашан рушылдыққа, жүзге бөлуге, жершілдікке ұрынған жоқ. Сондықтан да артында ел игілігіне жарар ізгі істері, ісін жалғастырар ұрпағы мен шәкірттері қалды. Көңілге медеу болатыны осы», - деп жазады спикер Қайрат Мәми.

«Сарыбай Сұлтанұлы бүкіл ғұмырын ел игілігіне, мемлекетіміздің ырыс-дәулетін арттыруға, еліміздің еңсесі биік, тәуелсіздігі баянды болуына арнады. Ол еліміздің бас шаңырағы - Ақордамыздың абыройының асқақтап, мәртебесінің биіктеуіне ақыл-парасатымен және мол тәжірибесімен өлшеусіз үлес қосқан биік рухты тұлға еді. Сарыбай Сұлтанұлының жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталатын болады. Марқұмның жаны жәнната болып, пейіште нұры шалқысын», - деп жазады Сенат Төрағасы.

Соңғы жаңалықтар