Халла Томасдоттир Исландияның президенті болып сайланды
ХЕЛЬСИНКИ. KAZINFORM – Кәсіпкер Халла Томасдоттир Исландияның жаңа президенті болады. Бұған Исландияның RUV ұлттық телерадиокомпаниясының жексенбі күні жарияланған ресми мәліметтері дәлел. Бұл туралы Синьхуа жазды.
RUV хабарлауынша, Х.Томасдоттир 34,3 пайыз дауыс жинап, қарсыластарынан басым түсті. Екінші орында 25,2 пайыз дауыспен бұрынғы премьер-министр Катрин Якобсдоттир тұр.
Жаңа президенттің басты қарсыласы К.Якобсдоттир RUV арнасына берген сұхбатында Х.Томасдоттирді құттықтады.
Исландиядағы президенттік сайлауға 12 үміткер қатысқан және сайлау бір турда өткен. Ел алты сайлау округіне бөлінген.
Томасдоттир 1 тамыздан бастап ел тізгінін қолға алады. Елдің қазіргі президенті Гвидни Йоханнессон сайлауға қатыспаған.
Еске сала кетейік, Иранда 30 мамыр, бейсенбі күні президенттікке кандидаттарды ресми тіркеу басталды.