Халық Абылай ханның тарихымызға қосқан үлесін есте сақтауы және бағалауы тиіс

АНА. 8 ақпан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін Астанада «Аманат» зияткерлік пікірсайыс клубы «Абылай хан және тәуелсіздік мұрасы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
None
None

Биыл қазақтың ұлы ханы - Абылайдың туғанына 300 жыл толады.

«Біз Абылай ханның тәуелсіз қазақ мемлекетін құрудағы тарихи үлесін тағы да талқылау үшін ғалым тарихшыларды арнайы жинадық. Абылай хан мен қазіргі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ел тәуелсіздігі жолындағы еңбегін салыстыруға болады. Олар әр басқа кезеңде өмір сүрсе де, мақсаттары ортақ» - деді тарих ғылымдарының докторы Хангелді Әбжанов.

Оның айтуы бойынша, қазақтың ұлы ханының 300 жылдығы ЮНЕСКО-ның атаулы күндері тізіміне кіруге тиіс.

Шараға танымал қоғам қайраткерлері, ғалымдар мен тарихшылар қатысты.

Соңғы жаңалықтар