Халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаевтың туғанына 120 жыл толды

АЛМАТЫ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек / - Бүгін Алматыдағы кітап мұражайында халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаевтың туғанына 120 жыл толуына арналған көрме-кеш өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Көрменің ашылуына ғалымдар, жамбылтанушылар, ақын-жазушылар, ақынның ұрпақтары қатысты. Көрме Үмбетәлінің ұстазы Сүйінбай, Жамбыл, Үмбетәлі шығармашылығы, Үмбетәлінің замандастары, халық ақындары, Үмбетәлі шығармашылығын зерттеушілер, Үмбетәлінің ұрпақтары атты 5 бөлімнен тұрады. Кітап көрмесінің ерекшелігі - онда ақынның араб әліпбиімен жазылған қолжазбалары, 24 беттік айтыстары, қымбат тастармен қапталған күміс құты, насыбай түйгіш, домбырасы және әртүрлі суреттері орын алған. Сондай-ақ ақын туралы зерттеу еңбектер, кітаптар қойылған. Ү. Кәрібаев 1889 жылы қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үмбетәлі ауылында дүниеге келген. Жыр алыбы Жамбылдың талантты шәкірттерінің бірі, көркемсөздің шебері. 1937 жылдан КСРО Жазушылар одағының мүшесі, 1960 жылы Қазақ КСР-інің халық ақыны деген жоғары атақ берілген. Талантты ақын көзі тірісінде зор құрметке ие болған тұлғалардың бірі. Ұстазы Жамбылдың өзі «өлең жырдың қара жорғасы» деп, оның ақындық өнерін жоғары бағалаған.
Соңғы жаңалықтар