Halyk bank-тің еншілес ұйымы Өзбекстанда Tenge Bank атауын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазақстанның халық банкі» АҚ-тың еншілес банкі Өзбекстанда Tenge Bank атауын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Halyk bank-тің еншілес ұйымы Өзбекстанда Tenge Bank атауын алды

Халық банкі Қазақстанның қор биржасын Өзбекстанда «Tenge bank» акционерлік коммерциялық банкінің құрылғандығы туралы хабарлады. Еншілес банк Ташкент қаласында орналасқан. Сәйкесінше шешімді 6 қыркүйек күні Директорлар кеңесі қабылдаған.

Естеріңізге сала кетейік, шілде айында Қазақстан Ұлттық банкі мен Өзбекстан Орталық банкі арасында банктік қадағалау саласындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылғаннан кейін қазақстандық реттеушінің басшысы Данияр Ақышев қазақстандық банктердің өзбек нарығына кіре алатындығын айтқан болатын.