Халық банкінің мерейтойына орай келушілер Мемлекеттік орталық мұражайға тегін кіретін болады

АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен бірлесіп «Халық мәдениеті және өнері» атты тақырыпта ауқымды іс-шараны қолға алды.
None
None

Аталған шара еліміздегі дәстүрлі қаржылық мекеме - Халық банкінің 90 жылдық мерейтойына орайластырылып отыр. Осыған орай, ақпан айының басында Банк акция шеңберіндегі іс-шараларды республиканың барлық ірі қалаларында өткізуді жоспарлайды. Бұл туралы Мемлекеттік орталық музейдің баспасөз қызметінен хабарлады.

Шараның мақсаты мұражайға келушілерді қазақ халқының бай тарихымен, мол мәдени мұрасымен және ұлттық салт-дәстүрлерімен таныстыру болып табылады. Бұл ретте бағдарлама бойынша 16-17 ақпанда - «Ашық есік күндері» өтетіні жоспарланып отыр. Банктің қаржылық қолдауымен бұл күндері мұражайға келушілерге тегін кіру мүмкіндігі беріледі және негізгі төрт экспозициялық зал бойынша сағат сайын бірқатар тақырыптық («Палеонтология және археология», «Тарихи этнография», «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан және диаспоралар мәдениеті», «Бүгінгі Қазақстан») экскурсиялар ұйымдастырылады.

Ал 16-28 ақпанда Орталық музей Банкпен бірлесіп «ҚР Мемлекеттік орталық музей қорының кеңес дәуірі мен тәуелсіздік жылдарындағы нумизматикалық коллекциясы» атты көрме ұйымдастырады, көрме материалдарының бір бөлігі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ дамуының тарихи белестеріне арналады.

Көрме аясында Қазақстандағы жинақ банкі ісінің 90 жылдық дамуы туралы тарихи стенд ұйымдастырылады. Сонымен қатар көрмеге келушілер назарына Орталық музей қорынан алынған КСРО дәуіріндегі және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жылдарындағы нумизматикалық топтамалар (1922-2012 жылдар кезеңіндегі), мұрағаттық құжаттар, ақша белгілері, банкноталар, мерейтойлық монеталар (ұсақ ақша), облигациялар, лотерея билеттері ұсынылады. Көрме жұмысы 2013 жылдың 28 ақпанына дейін созылады.

Соңғы жаңалықтар