Халық депозиттерінің долларландырылуы 29,7 пайызға төмендеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Өткен жылдың желтоқсанында қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде халық депозиттерінің долларландырылуы 29,7 пайызға азайды. Бұл туралы Мәжілістің таратылған 7-шақырылым депутаттарының сауалына Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үкімет басшысының атап өтуінше, Ұлттық банктің пайыздық саясаты халықтық жинақтау тәлімін, теңгелік активтердің тартымдылығын арттыруға бағытталған. Бұл инфляцияны тұрақтандыру мақсатында қол жеткізуге септігін тигізеді. Сонымен қатар теңге салымдарын қорғау бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Ол жеке тұлғалардың теңге депозиттеріне өтемақы аударуды көздейді.

«Бұл іс-шаралар халықтың теңге депозиттерінің қысқаруына жол бермеуге, депозиттердің долларлануын және айырбас бағамына, инфляцияға қысымды азайтуға септігін тигізеді. Қабылданған іс-шаралардың нәтижесінде 2022 жылдың желтоқсанында халықтың депозиттерінің долларлануы 29,7 пайызға дейін төмендеді. Бұл 2007 жылдың шілдесінен бергі ең төменгі көрсеткіш саналады», - деді Әлихан Смайылов.

Мұнан бөлек, Премьер-Министрдің айтуынша, Ұлттық банк 2023 жылы зейнетақы активтерін сапалы инвестициялау мақсатында мынадай бағыттар ұсынып отыр:

1) Қазақстанның мемлекеттік құнды қағаздарын сатып алу;

2) Зейнетақы активтері қоржынын әртараптандыру мақсатында шетел валютасын сатып алу және шетел валютасындағы қаржылық құралдарды инвестициялау;

3) Халықаралық қаржы институттарының және теңгедегі шетелдік эмитенттердің құнды қағаздарын сатып алу;

4) Квазимемлекеттік сектордағы субъектлердің құнды қағаздарын сатып алу;

5) Екінші деңгейлі банктердің қаржы құралдарын сатып алу;

6) Корпоративті қазақстандық эмитенттердің құнды қағаздарын сатып алу.

«Аталған ұыныстарды таяу уақытта Ұлттық қоды басқару жөніндегі кеңесте қарастыру жоспарланып отыр», - деді Үкімет басшысы.


Соңғы жаңалықтар