«Халық ІРО» бағдарламасының сайты және арнайы «жедел байланысы» іске қосылды
АСТАНА. 13 сәуір. ҚазАқпарат - 2012 жылдың 9 сәуірінде халық үшін арнайы «жедел байланыс» іске қосылды. «Жедел байланыс» телефоны бойынша «Халық ІРО» бағдарламасы туралы жедел ақпарат алуға болады.
Бұл жайында «Самұрық-Қазына» қорының ресми сайтында жарияланып отыр.
Сall-орталықта тәулік сайын мемлекеттік және орыс тілдерін меңгерген операторлар тобы жұмыс істейді. Стационарлық телефондардан «жедел байланысқа» түсетін қоңыраулар тегін.
Бұдан басқа, «Халық ІРО» бағдарламасының веб-сайты жұмыс істей бастады (www.halyk-ipo.kz ).
Осы web-ресурс әр қадам сайын бірте-бірте келушіге қалай жеке меншік инвестор болу керектігі туралы нұсқау береді. Брокерді қандай өлшемдер бойынша таңдау, акция сатып алу үшін қанша қаражат салу керек және инвестициялаудың қандай стратегиясын таңдауға болатыны көрсетіледі. Нұсқаулықтың көрнектілігі үшін ол ақпараттық кескіндемемен [1] сүйемелденген, ал қосымша ақпарат алу үшін келушілерге «Сұрақ-жауап» айдарына хабарласу ұсынылады.
Белсенді интернет-пайдаланушылар үшін Twitter (https://twitter.com/Halyk_IPO) және Facebook (www.facebook. com/halyk.ipo) сияқты осындай әлеуметтік желілерде Бағдарламаның ресми аккаунттары ашылған.
[1] Ақпараттық кескіндемені жақсы сапада басып шығару үшін www.halyk-ipo.kz сайтынан жүктеп алуға болады.
Қазақстан бойынша тегін қоңырау 8 800 080 50 70 және Алматы қаласында 8 (727) 250 7000 нөмірі бойынша қоңыраулар қабылданады.