Халық Қаһарманы Б.Ертаев бастаған ардагерлер Ауған соғысы жауынгерлері ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

АСТАНА. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін интернационалист-жауынгер, генерал-лейтенант, Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев бастаған бір топ ардагерлер мен Еуразия ұлттық университетінің студент-жастары елордадағы Ауған соғысы жауынгерлері ескерткішіне гүл шоқтарын қойды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Іс-шара барысында Б.Ертаев және басқа интернационалист ардагерлер Ауған соғысындағы қазақстандық жауынгерлердің ерлігі жайында айтып, осы соғыста қаза болған әскерилерді бір минөт үнсіздікпен еске алды. Бұған дейін Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев Еуразия ұлттық университетінде өткен студенттермен кездесуге қатысып, жастармен бүгінгі қазақстандық патриотизм мәселесі төңірегінде ой бөлісті.
Соңғы жаңалықтар