Халық қаһарына мінсе, хан тағынан таяды

АСТАНА. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Өткен жылдың наурызында әскери төңкеріс нәтижесінде билік басына келген Орталық Африка Республикасының басшысы Мишель Джотодия президенттік лауазымынан бас тартты, деп хабарлады ВВС.

Халық қаһарына мінсе, хан тағынан таяды

Президенттің болашағына қатысты мәселе Африка елдері көшбасшыларының Чадтағы кездесуінің күнтәртібіне қойылған еді. Өйткені, бірнеше айдың ішінде ол елдегі дағдарысты шешуге бағытталған сындарлы шешім қабылдай алған жоқ. Бұған қоса, мыңдаған адам ОАР астанасы Банги қаласында көшеге шығып, президенттің отставкаға кетуін талап еткен-ді.

Айта кетейік, өткен жылдың наурызында ОАР-да бұрынғы президент Француа Бозизе тақтан тайғаннан кейін христиандар мен мұсылмандар арасындағы қақтығыстар толастар емес. Тіпті елге кіргізілген қосымша бітімгершілік контингенті де жанжалға тосқауыл қоя алмай отыр.