13:11, 09 Қараша 2011 | GMT +5
Халық қалаулылары зияткерлік меншік мәселесіне қатысты құжатты мақұлдады
ТАНА. 9 қараша. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Мәжілісті жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады.
Отырыста осы құжат бойынша баяндама жасаған Мәжілістің сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Зағипа Балиеваның айтуынша, заң жобасы зияткерлік меншік құқығы мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіруге бағытталған. Бұл құжат осыған дейін Мәжіліс комитеттерінің 22 жұмыс тобында қаралып, депутаттардан 55 ұсыныс пен түзету енгізілген. Осыған байланысты депутаттар заң жобасын мақұлдау қажет деген байлам жасады.