«Халық қатысатын бюджет» жобаларын қаржыландыру 10 есеге ұлғайтылады

«Өткен жылы пилоттық режимде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және барлық облыс орталықтарында «Халық қатысатын бюджет» құралы сәтті енгізілді. Ол азаматтардың бюджет процесіне кеңінен қатысуын көздейді. Аулалар мен спорт алаңдарын абаттандыру бойынша 2,3 млрд теңге сомасына 81 жоба іске асырылды. Пилоттық жобаның оң нәтижелерін ескере отырып, «Халық қатысатын бюджет» аясындағы жобаларды қаржыландыру көлемін 10 есе ұлғайту көзделіп отыр», - деді Анар Байтүкенова.
Сонымен қатар ол жергілікті бюджеттерді бекіту процесіне бақылауды күшейту мақсатында инфрақұрылымдық және әлеуметтік бастамаларға арналған шығыстар бойынша онлайн-сұрауларды қолдануды қоса алғанда, қоғамдық сараптамаларды енгізу көзделетіндігін айтты.
«Бұл іс-шаралар халықтың нақты қажеттіліктерін ескеруге және азаматтардың жергілікті атқарушы билік органдарына сенім деңгейін арттыруға мүмкіндік береді», - деді департамент директоры.