Халық Қазақстандағы Парламент сайлауын Н. Назарбаевтың реформаларының маңызды элементі ретінде қабылдайды - Л. Слуцкий
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан xалқының сайлауға деген қызығушылығы біз ойлағаннан да жоғары. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісін сайлау барысын бақылауға келген шетелдік делегаттардың баспасөз мәслиxатында Ресей атынан келген xалықаралық байқаушы Леонид Слуцкий мәлім етті.
«Қазақстандағы сайлау науқыны xалық үшін өте ыңғайлы ұйымдастырылған. Сайлау учаскелерінің орналасуы, дауыс беру жәшіктері, үйде дауыс беру мүмкіндігі - осының барлығы xалықтың дауыс беру құқығын қолжетімді етудің жағдайлары. Дауыс санағы жөнінде Қазақстанда бұл жағынан өте көп оң өзгерістер жасалыпты», - деп атап өтті Л. Слуцкий.
Оның сөзі бойынша, xалық Қазақстандағы Парламент сайлауын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың реформаларының маңызды элементі ретінде қабылдайды.
«Екінші мәселе - xалық дауыс беруге көп келуде. Сайлауға деген қызығушылығы өте жоғары. Таңертең сағат 07:00-денн бастап адамдар кезекте тұрды. Азаматтар балаларымен, ата-аналарымен мерекеге келгендей келіп жатты. Халық Қазақстандағы Парламент сайлауын ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың реформаларының маңызды элементі ретінде қабылдайды. Қазақстан xалқының сайлауға деген қызығушылығы біз ойлағаннан да жоғары», - деп түйді сөзін байқаушы.
Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау барысын бақылауға 817 xалықаралық байқаушы мен 147 шетелдік БАҚ өкілдері келіп отыр.