Халық Парламент сайлауының ел болашағы үшін маңызды екенін түсінеді - Тәжікстан депутаты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халық Парламент сайлауының ел болашағы үшін маңызды екенін түсінеді. Бұл туралы бүгін ТМД парламентаралық ассамблеясының байқаушылар миссиясының өкілі, Тәжікстан Парламенті жоғары палатасының депутаты Азиз Абдулгаффор мәлім етті.

Халық Парламент сайлауының ел болашағы үшін маңызды екенін түсінеді - Тәжікстан депутаты

«Біз Қазақстанға кеше келдік. Миссия мүшелері жергілікті саяси партиялармен бірге кездесу өткіздік. Олардың сайлау науқанына белсенді араласып отырғанын көріп отырмыз. Енді таңдауды xалық жасайды. Таңертең біз Астанадағы 7 сайлау учаскесінде болдық. Онда теxникалық жағдай жоғары деңгейде. Барлығы ҚР Конституциясына және Сайлау туралы заңына сәйкес ұйымдастырылған. Біз барған жерімізде азаматтармен сөйлесіп, олардың ойларын, пікірлерін біліп отырдық. Ең бастысы, Халық Парламент сайлауының ел болашағы үшін маңызды екенін түсінеді. Олар Қазақстанның дамуына, қарыштауына дауыс беруге келгендерін айтуда. Халық өз Президентінің істеп жатқан саясатын үлкен мақтанышпен атап өтуде. Біз бақылау барысында заңға қайшы келетін ешбір заңбұзушылықты анықтаған жоқпыз. Азаматтардың сайлауға белсенді қатысуына барлық жағдай жасалып отыр», - деп атап өтті ол.

Айта кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау барысын бақылауға 817 xалықаралық байқаушы мен 147 шетелдік БАҚ өкілдері келіп отыр.