16:13, 02 Наурыз 2009 | GMT +5
Халық санағы: 9 миллион 253 мыңнан астам адам тіркелді
АСТАНА. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Жасұлан Жолдыбаев/ - Елімізде бесінші күн өтіп жатқан Ұлттық халық санағында 9 миллион 253 мыңнан астам адам тіркелді. Бүгін ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі осындай мәлімет таратты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Маңғыстау өлкесінде тұрғындардың 75 пайызы санақтан өтті. Ал Қарағанды облысында бұл көрсеткіш 69 пайыз болып отыр. «Екі ірі мегаполистерде, яғни Астана мен Алматы қалаларында тіркеу жұмыстары баяу жүруде. Күндізгі мезгілде тұрғындардың көбі қызмет орындарында болғандықтан, санақшылар оларды үйлерінен таппай қалады. Бұлар өздеріне ыңғайлы уақытта арнайы құрылған стационарлық учаскелерге келіп, өтсе де болады. Республикамызда мұндай учаскелер 90-ға жуық», дейді Статистика агенттігінің баспасөз хатшысы Динара Жандаева.