Халық санағын өткізу үшін жауапты қызметкерлерді қабылдау жұмыстары басталып кетті

АСТАНА. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Елімізде ағымдағы жылғы ақпанның 25-і мен наурыздың 6-сы аралығында өтетін халық санағы үшін ҚР Статистика агенттігі санақ бөлімінің меңгерушілері лауазымына қызметкерлерді және санақ жөніндегі уәкілетті тұлғаларды қабылдау жұмыстарын бастады.
None
None
Бұл туралы бүгін Астанадағы баспасөз мәслихатында аталмыш ведомствоның баспасөз хатшысы Динара Жандаева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, қабылданған қызметкерлердің ішінде меңгерушілер есеп учаскелерінің шекараларын анықтаумен және үйлердің тізімін нақтылаумен, сондай-ақ нұсқаушы-бақылаушылар мен есепшілерді оқыту және тексеру жұмыстарымен шұғылданатын болады. «Санақ бөлімінің меңгерушілері өз жұмысын қаңтардың 5-і мен сәуірдің 10-ы аралығында жүргізеді. Олар нұсқаушы-бақылаушыларды қабылдауға және оқытуға, жазу кітапшасын толтыруға, санақшылармен алдын-ала аралап шығу жұмыстарына жауапты», деді Д. Жандаева. Д. Жандаева санақ жөніндегі уәкілетті тұлғалар өз міндеттеріне қаңтардың 5-і мен сәуірдің 30-ы аралығында кірісетіндерін атап өтті. «Олар санақ бөлімінің меңгерушілерінің, нұсқаушылардың және есепшілердің жұмысын ұйымдастырады және бақылау жүргізеді. Сәуірден бастап санақ жөніндегі уәкілетті тұлғалар бақылау фишкаларын талдау және материалдарды агенттіктің облыстық департаменттеріне тапсыру жұмыстарын жүргізулері тиіс», деді агенттік өкілі. Санақтың өзі арнайы оқытылатын қызметкерлердің (есепшілердің) халықтан жауап алу әдісі арқылы жүргізіледі. «Алдағы санақ бланкасында барлығы 45 сұрақ бар. Олар еліміз азаматтарының жұмыспен қамтылуына, дініне, отбасылық жағдайына және т. б қатысты сұрақтар. Кәдуілгі сауалдардан бөлек жаңалары енгізіледі. Солардың бірі халықтың компьютерік сауатталығының деңгейіне қатысты сұрақ», деді ол. «Тұрғындар санақшының кейпінде үйге бөгде адамдардың кіріп кету мүмкіндігі жайлы алаңдамас үшін әрбір есепшіде өзімен бірге ерекше қорғалатын куәлік, арнайы жабдықтар ? санақшының сөмкесі мен санақ логотипі бап бөкебай, бланктерді толтыруға арналған қалам мен қол шамы (тәуліктің қараңғы кезінде қолдану үшін) болуы тиіс», деді Агенттік өкілі.
Соңғы жаңалықтар