Халық санағын өткізуге 73 мыңнан астам маман қажет - Статистика агенттігі

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Еліміздегі ұлттық халық санағын өткізу үшін 73 мың 500 маман қажет. Бұл туралы бүгін Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен Статистика агенттігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аталмыш ведомствоның басшысы Анар Мешімбаева мәлім етті,

Халық санағын өткізуге 73 мыңнан астам маман қажет -   Статистика агенттігі
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінде халық санағына дайындық жұмыстары ойдағыдай атқарылды деп ойлаймын. Халық санағы бойынша барлық деңгейдегі комиссиялар құрылып, іс-қимыл жоспарлары бекітілді. Алдағы уақытта еліміздегі ұлттық халық санағын өткізу үшін 73 мың 500 маман қажет. Сондай-ақ осынау үлкен саяси мәні бар іс-шара жайында толыққанды ақпарат алу үшін республика бойынша тегін телефон желісін ашу керек. Ол арқылы өңірлердегі халық бізге емін-еркін телефон шалып, халық санағын өткізудің мән-жайын біле алады», - деді Статистика агенттігінің төрайымы Анар Мешімбаева. Естеріңізге сала кетейік, еліміздегі ұлттық халық санағы ағымдағы жылғы ақпанның 25-і мен наурыз айының 6-сы аралығында өтетін болады.