Халық суретшісі Әбдірашид Сыдыханов өмірден озды

Әбдірашид Аронұлы 1937 жылы Орал облысының Кулагино ауылында дүниеге келген.
1965 жылы Гоголь атындағы көркемсурет училищесін бітірген. Еңбек жолын кино әлемінде бастап, «Ән қанатында» көркем фильмінде қоюшы-суретшінің ассистенті болады. «Қараш-Қараш», «Құлагер» фильмдерінің костюм жөніндегі суретшісі, «Қаралы сұлу», «Ою», «Шоқан Уәлиханов» және басқа да фильмдердің қоюшы-суретшісі болған. Сол жылдары есімін әйгілеген «Тон киген бойжеткен», «Бозторғай әні», «Қызыл інгенді сауу» сынды еңбектерін салған.
Оның туындылары Әбілхан Қастеев атындағы мемлекеттік өнер мұражайы, Мәскеудегі Третьяков галереясы, Польшадағы Хут Катовиц, тағы да басқа мұражайлар төрінен орын алған, сондай-ақ Лихтенштейн, Франция, Англия, Жапония мен Израильдің жеке жинақтамашыларында сақтаулы.