Халық таңдауы адастырмайды - пікірлер топтамасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің 2015 жылы Президент сайлауын өткізу туралы бастамасы жалпыхалықтық қолдауға ие болып отыр. Бастамаға кәсіпорындар мен түрлі ұйымдардың еңбеккерлері, қоғамдық бірлестіктер мен өнер ұжымдарының өкілдері, студент жастар, сондай-ақ, шетелдік саясаткерлер үн қосуда.

Халық таңдауы адастырмайды - пікірлер топтамасы

Сидхарт САКСЕНА,

Кембридж университеті жа­нындағы Орталықазиялық фо­румының жетекшісі:

- Қазақстанда көптеген өзге елдер үшін нақты мысал болатын өте тиімді тұрақтылықтың моделі қалыптасқан. Мен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің осы жылы Президент сайлауын өткізу туралы Үндеуін маңызды бастама деп есептеймін. Ол тұрақтылықты сақтауға және ел экономикасын дамытуға мүмкіндік береді. Сондықтан да, мен 2015 жылы сайлау өткізу Қазақстан үшін үлкен алға басушылық қадам болатынына сенімдімін.

Зеев ХАНИН,

Израиль абсорбциялар ми­нистрлігінің бас ғалымы:

- Жақындап келе жатқан эконо­микалық дағдарыс жағдайында Қазақстанның саяси басшылығы экономиканы өсіруге қарай бірқатар қадам жасады және қолға алды. Бұл үлкен күш жұмылдыруды қажет ететін іс. Сондықтан, сайлау өткізу туралы шешім, менің ойымша, тұрғындардан қосымша сенім несиесін алу деп білемін. Бұл өте дұрыс қадам.

Абдусаттор НУРАЛИЕВ,

Ресей-тәжік славян универ­ситетінің профессоры, «Қазақстан-Тәжікстан» достық қоғамының төрағасы:

- Мен Қазақстан халқы Ас­сам­блеясы Кеңесінің 2015 жылы Президент сайлауын өткізу туралы бас­тамасын толығымен қол­дай­мын. Бұл, біріншіден, әртүрлі екі электоралдық саяси науқанның қатар келуіне мүмкіндік бермейді. Екіншіден, Қазақстан Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық сынақтар кезеңінде әлемдік саяси және экономикалық дағдарысқа байланысты әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды дамыту бастамаларын табысты жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Май ХВАН,

КСРО және Қазақстанның конь­кимен сырғанау спорты жө­нін­­дегі еңбек сіңірген жат­тық­тырушы:

- Мен Қазақ спорт және туризм академиясында кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөніндегі бастамаға қолдау білдіру митингісіне қатыстым. Сондай-ақ, студенттер алдында біздің атақты спорт ардагерлеріміз - Евгения Кадяйкина, Әмин Тұяқов, Шора Юмашев және басқа да көптеген спортшылар атынан сөз сөйлеу құрметіне ие болдым. Сөз сөйлеуге ұсыныс жасаған ардагер спортшылар жастарды Президент сайлауына белсене қатысуға шақыруды өтінді. Жас спортшылар көтерген плакаттар мен транспоранттарды көрген кезде мен студент жастардың қазірдің өзінде дұрыс таңдау жасағанына көзім жетті.

Мұрат ӘУЕЗОВ,

қоғам қайраткері, мәде­ниет­танушы:

- Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшелері биылғы жылы Президент сайлауын өткізу туралы ұсыныспен шығуы арқылы ха­лықаралық қиын жағдайлар кезінде, олардың алдын алуда аса көре­гендік танытты. Мен де әлемдік үдеріс­терді, саяси жағдайларды үнемі ба­қылап отырамын. Бұл өте дұрыс бастама деп білемін.

Юлия КУЧИНСКАЯ,

«Демократиялық институт» ҒЗҚ-ның жобасы жөніндегі директоры:

- Әлеуметтік зерттеулер көрсет­­кендей, респонденттердің 97 пайызы Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасын мақұлдады және тағы 96 пайызы сенім білдірді. Неге олар ҚХА бастамасын мақұлдайды деген мәселеге келсек, 95 пайызы президенттік сайлау өткізу қоғамды біріктіруге, экономикалық тапсырмалар мен міндеттерді шешуге шоғырландыруға мүмкіндік береді деп есептейді. Ал 91 пайызы сайлау инвесторлардың ұзақ мерзімді реформалардағы сенімділігін қамтамасыз етеді деп санайды.

«Егемен Қазақстан» газеті, 2015 жылғы 25 ақпан